Мақтарал ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №762 қаулысының негізінде Мақтарал ауданының білім бөлімінің 140 орындық «Алпамыс батыр» бөбекжай- балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып құрылған. Бүгінгі таңда Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Алпамыс батыр» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Абылайхан көшесі №1 үйде орналасқан.
2014 жылдың 19 тамызынан іске қосылып, жұмыстар жүргізілуде. Балабақша типтік ғимаратта орналасқан. Топ бөлмелері, жатын бөлмелері, қабылдау бөлмелері жеке-жеке қарастырылған.
Топтар стандарт талаптарына сай стол-үстелдер, кереуеттер, балалар киімін қоятын шкафтар, ойыншықтар қоятын шкафтар, педагогтарға арналған шкафтармен;
Медицина бөлмесі 3 қабылдау, егу, оқшаулау бөлмелерінен тұрады. Балалардың бойын өлшегіш (ростометр), вакциналарға және дәрі-дәрмектерге арналған тоңазытқыш, балалар температурасын өлшейтін термометр, балалар салмағын өлшейтін тонометр, бактерецидті шам, медециналық таразы, медициналық термометрлер, қол жуатын раковина, медициналық шкафтармен;
Асханада екінші қабатқа тамақ таситын лифт сонымен қатар стандарт талаптарына сай барлық құрал жабдықтармен жабдықталған. Балабақша ауласында әрбір топқа саяжайлар, құмды бастырмалар бар, бетон қорғанмен қоршалған. Көгалдандыру жұмыстары жыл сайын жүргізіледі.
Балабақшада 7 топта 140 бала тәрбиеленіп, 37 жұмысшылар жұмыс атқаруда.
Соның 19-ы педагог мамандар:
Оның ішінде –1 психолог
Жоғары білімді –14
Арнаулы орта білімді –5
Модератор – 5
Жоғары санатты –1
Бірінші санатты-1
Екінші санатты-2
Санатсыз –10
Курстан өткені (Өрлеу) – 9
Жаңартылған бойынша –10
Курстан өтпегені – 3
Балалар жас ерекшелігі бойынша 7 топқа бөлінген:
- Ерте жас тобы-1 топта – 10 бала
- Кіші топ – 2 топта–30 бала
- Ортаңғы топ–2 топта– 50 бала
- Ересектер тобы -2 топ –50 бала
Жұмыс мемлекеттік тілде жүргізіледі. Балабақша аптасына 5 күн жұмыс істейді.